1 қыркүйек сценарий

1 қыркүйек сценарий

Жүргiзуші: Қайырлы күн, құрметтi ұстаздар мен қадiрмендi ата-аналар! Армысыздар ардақты, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар! Биылғы 2023 – 2024 жаңа оқу жылының басты мерекесi кiшкентай бүлдiршiндерiмiздiң бiрiншi сыныпқа қадам басуы, ендеше, «Алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиынымызға қош келдiңiздер! Мектеп деген бiлiм күнi, жыр күнi, Мектеп деген ғылымның ең үлкенi. Мектеп деген тәрбиешi адамға, Мектеп деген даналардың мекенi. Құрметтi ұстаздар, қонақтар, ата – аналар, аяулы оқушылар! Бүгiнri сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелерiңiз құтты болсын! Ендеше барлығымыз да сағынышпен күткен «Алғашқы қоңырау» атты бiлiм күнiне арналған мерекелiк іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз. Шуақты қыркүйек айының алғашқы күнi барша оқушы қауым алтын ұя мектебiне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бipге сыңғырлаған қоңырау үнiмен табысып отыр. Құрметтi ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгiнгi сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелерiңiз баршаларыңызға кұтты болсын! Жүргізуші: Көк тудың желбiрегенi: Алғашқы әскери дайындық жетекшісі: Усембаев Б. Сап түзел, тiк тұр. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы ресми түрде eнгiзiлciн.

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.