зорлык бойынша сауалнама 7 11 сыныптарға
Зорлық – зомбылық туралы мен не ойлаймын - сауалнамасы
Қымбатты дос! Бұл сауалнама жасырын түрде, балалардың құқығын қорғаудағы проблемаларды анықтап және
осы мәселе бойынша балалардың көзқарасын білу үшін жүргізілуде. Сұрақтарға шынайы жауап беруіңізді
сұраймыз.(Жауап белгілегенде бірнеше нұсқаны белгілеуге болады)
Өзің туралы мәлімет
Жасың нешеде? ...............
Отбасыңда неше адам бар?...............................
1. Зорлық деген сөзді қалай түсінесің?
- тек күш көрсету
- қол жұмсау
- мәжбүрлеу
- қорқыту
- адамның құқығына қысым жасау
- менсінбеушілік
- кемсіту
- қатігездік
- ауру келтіру
- өмір сүруге қауіп төндіру
-жыныстық
- өз жауабың.............................................................................................................................
2. Жыныстық зорлық-зомбылықтың қандай түрлерін білесің?
-өз еркіңнен және рұқсатыңсыз саған жағымсыз түрде тиісу
-сексуалды әрекеттер жасау
-ұрсу
-мазақтау
-өз жауабың..............................................................
3. Жыныстық зорлық-зомбылықты кездестірдің бе? Кездессе кімге қатысты болды?
-өзіме
-досыма
-сыныптасыма
-туысқаныма
-өз жауабың ...................................................................
4. Сенің ойыңша, қай жерлерде, кімнен бала қорлық - зорлыққа тап болуы мүмкін?
- отбасында, жақын адамдардан
- көшеде, бейтаныс адамдардан
- мектептегі оқушылардан
- достарынан
- өз жауабың...............................................................................................................................
5. Қиын жағдайда не істейсің?
- Әке анамнан көмек сұраймын
- Өз проблемамды өзім шешуге тырысамын
- Ата - анамды мазалағым келмейді
- Сынып жетекшіге жолығамын
- Психологқа жолығамын
- Полиция бөліміне барамын
-102, 111 нөмірлеріне қоңырау шаламын
- Директорға барамын
- Шыдауға тырысамын
- Достарыммен шешемін
- Туған - туыстарыммен
- Өз жауабың....................................................................................................................................
15-08-2025, 13:02
Вернуться назад