DataLife Engine / ППҚ формаларына түсініктеме

ППҚ формаларына түсініктеме

ППҚ- психологиялық- педагогикалық қолдау қызметі. Мектептің арнайы педагогы 6-шы және 338 бұйрықты,2019,2020,2021 жылғы әдістемелік ұсынымдарды негізге ала отырып жұмыс атқарады. ППҚ- 2019 ж, арнайы педагогтың барлық құжаттары 2020 ж ,жеке және бейімделген оқу бағдарламалары 2021 ж әдістемелік нұсқаулықтан алынады. ППҚ 6-шы бұйрыққа сәйкес, 2019 ж әдістемелік нұсқаулықты басшылыққа ала отырып жұмыс атқарады. ППҚ басшысы ДОІЖО болады және оның құрамына мектеп психологы, арнайы педагог, әлеуметтік педагог және логопед мамандары кіреді.ППҚ қызметі 2019 жылғы әдістемелік нұсқаулықта көрсетілген 12 қадам бойынша іске асырылады. 7 форма бар, сол формалар толтырылады. Бұл формалардың үлгісі 2019 ж әд. нұсқаулықтың 32бетінде берілген. 1-ші ППҚ бұйрығы бекітіледі. 2-ші ППҚ -ның жылдық жоспары жасалады.Жоспарда бір жылдағы істелінетін жұмыс жоспарланады.Бұл жоспарды ППҚ құрамына кіретін барлық маман бірігіп отырып құрады. Осы жоспарды негізге ала отырып әр маман өз жылдық жоспарын құрады. 3-ші мұғалім және ППҚ мамандары ЕБҚ бар оқушылармен танысады, балаға ПМПК қойған қорытындысы мен ұсыныстарын зерттейді. ППҚ мамандары ЕБҚ балалардың тізімін құрады. Бұл қыркүйек айының 1-ші аптасында жүзеге асырылады. Осы уақыттан бастап формалар толтырылады. 1а-формасын (сауалнама) мұғалім ата-анадан сұрақ-жауап алу арқылы бала туралы мәлімет жинайды. 1а форманың 2- түрі болады,ПМПК қорытындысымен жаңадан келген балаға және қорытындымен бірнеше жылдан бері оқитын балаға толтырылатын форма. 1б-формасын ППҚ-ға қатысты барлық маман біріге отырып ата-анамен әңгіме өткізіп, олардан бала туралы мәлімет жинайды. 1в-формасы баланың коммуникативтік паспорты, бұл форманы сынып жетекші балға(өздігінен толтыра алса) немесе ата-анаға толтыртады.Бұл формада баланың суреті болу керек. Міне бұл формалардың барлығы қыркүйектің 1,2-ші аптасында жинақталады. 2а- формасы –сабаққа қатысу хаттамасы. Бұл форманы әр маман бөлек толтырады, баланың негізгі 6 сабағына қатысады және әр қайсысы 2а формасын бөлек толтыр
15-08-2025, 13:05
Вернуться назад