Психологиялық қимылды тренинг –жаттығулары. 1. Жаттығудың атауы: «Сиырлар, иттер,мысықтар.» Мақсаты: топтың эмоционалдық жағдайын, топ мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту. Барысы: Жүргізуші топ мүшелеріне жануарлардың атауы жазылған карточкалар таратады. Олар оны ешкімге көрсетпеулері керек. Бір минуттан соң топ мүшелері көздерін жауып, осы жануар сияқты дыбыс шығарады. Солайша әркім өзі сияқты жануарды тауып, топ - топпен жиналу керек. Жүргізуші команда бермейінше көздерін ашпайды. Қай топ бірінші болып, қатесіз жиналады, сол топ жеңіске жетеді. 2. Жаттығудың атауы: «Шеңбер бойынша қошеметтеу.» Мақсаты: топтың эмоционалдық жай-күйін жақсарту, өз-өздеріне деген сенімділіктерін арттыру. Барысы: Жүргізушінің сөзі: Әрқайсыларыңыз өздеріңізді концерт соңындағы сахнада тұрған әртіс ретінде елестетіп, сезініп көріңіздерші. Қалай сезіндіңіздер? Мүмкін ол көрермендердің қошеметтерін құлақтарымен ғана естіп қоймай, бүкіл денесімен,ішкі жан дүниесімен сезінетін шығар. Әрине бұл естен кетпейтін өте жағымды сезім. Біздің тобымыз да өте жақсы, ондағы топ мүшелері, яғни сіздердің әрқайсыларыңыз мақтауға тұрарлық, қошеметке лайықтысыздар. Осы себепті мен сіздерге келесі ойынды ұсынамын: барлығымыз шеңберге тұрайық, бір бастаушы өзі қалаған адамының алдына барып,оған қошемет көрсетеді (қол шапалақтайды). Ал келесі адам онымен еріп,шеңбер бойымен жүріп отырып, өзі қалаған келесі адамға қошемет көрсетеді. Енді осы үшеуі әрі қарай жүріп, келесі адамға қошемет көрсетеді. Осылайша қошемет көрсету жалғаса береді. Қол шапалақ бірте-бірте үдей түседі. 3. Жаттығудың атауы: «Тасбақаның жүрісі. » Мақсаты: эмоционалдық жай-күйді жақсарту, ептілікті, тапқырлықты дамыту. Қатысушылардан жақсы моторика, ептілік, қимыл-қозғалыс координациясы, қарсыластың іс-әрекетіне дұрыс баға бере алушылықты талап етеді. Барысы: Бұл әдеттегіден өзгеше жарыс түрі. Қатысушылар мәреге бірінші болып емес, керісінше ең соңғы болып келуі керек. Балалар бірнеше топқа бөлініп ойнауға болады. Әрбір топтан бір