DataLife Engine / 1 кыркуйек «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы

1 кыркуйек «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ КҮНІН АТАП ӨТУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМ Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 14 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтай отырысында берген тапсырмасына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 123 бұйрығы) аясында білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстары жалғастырылады. 2025-2026 оқу жылында «Білім күні» білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен, ата-аналар комитетімен және қамқоршылық кеңесімен келісе отырып, оқушылар санына және мекеменің жобалық қуатына қарай ағымдағы жылдың 1 немесе 2 қыркүйегінде «Мектебім – мейірім мекені!» тақырыбында салтанатты шара форматында өткізіледі (ұзақтығы – 45 минут). Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында барлық курстың білім алушылары үшін «Білім күні. Бейбітшілік күні!» тақырыбында салтанатты шара өткізу ұсынылады. Салтанатты жиын ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңесінің келісімімен білім беру ұйымының басшысының бұйрығы негізінде білім беру ұйымының жобалық қуаты мен білім алушылар санын ескере отырып өткізіледі. Салтанатты шараның мақсаты: жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру. Міндеттері: - білім алушыларға патриотизм, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту; - өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру; - қатысушыларды алдыңғы оқу жылының жетістіктері туралы хабардар ету. Салтанатты шараға келесідей өкілдердің қатысуы ұсынылады: - білім беру саласындағы еңбек ардагерлері; - білім бөлімдерінің/басқармаларының басшылары; - қамқоршылық кеңес мүшелері; - білім алушылардың ата-аналары. Білім беру ұйымдарында білім күніне орай өткізілетін салтанатты шараға, сонымен қатар әр аптаның жұма күні және мерекелік і

29-08-2025, 09:16
Вернуться назад