7-сынып жоспары дұрысы 2025-2026
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші
отырысындағы тапсырмасына сәйкес 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына
енгізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс»
атты үшінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес Біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұны жаңартылды.
Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы
сипаттады. Үштаған – бір-бірінен бастау алатын және өзара тығыз байланысты ұғымдар, ел ішінде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды
қамтамасыз етуді саясатымыздың тұғырлы қағидатына айналдыратын мықты демократиялық институттары мен дамыған құқықтық
жүйесі бар әділетті мемлекетті құрудың шарты және еліміздің жаңғыруы мен әрі қарай дамуының стратегиялық бағдарын
айқындайды. Бұл «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының басты идеясына айналды.
2025–2026 оқу жылынан бастап бұл бағдарлама «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы (ҚР Оқу-ағарту министрі
бұйрығы 26.05.2025ж. №123) (бұдан әрі – Бағдарлама) деп аталатын болады. Бағдарлама бұған дейін іске асырылған бастаманың
толыққанды жалғасы болып табылады.
Бағдарлама мақсаты – «Адал азамат» тұжырымдамасының идеалдарына сай, патриоттық рухта тәрбиеленген, білімді әрі
жасампаз ұрпақты қалыптастыру. Жаңа оқу жылында негізгі 6 құндылық бойынша тәрбие бағытындағы жұмыстар өз жалғасын
табады: тәуелсіздік және отаншылдық; бірлік және ынтымақ; әділдік және жауапкершілік; заң және тәртіп; еңбекқорлық және
кәсіби біліктілік; жасампаздық және жаңашылдық. Бағдарлама мазмұнына сәйкес ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім
алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Бағдарламаның міндеттері:
Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:
отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тә