ИНКЛЮЗИВТІ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР
ИНКЛЮЗИВТІ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ОЙЫНДАР
Кілт сөздер: Инклюзивті білім беру, психологиялық ойындар, таным
процестері, психологиялық ахуал, жаттығулар, ойындар, мүмкіндігі
шектеулі, білім деңгейі.
Аңдатпа: Дамуында әр түрлі кемшіліктері бар оқушыларға мектеп
психологының жұмысы мағызды. Психологтар оқушыларды сүймелдеуде,
қолдау көрсетуде психологиялық ойындар мен жаттығуларды үнемі
пайдаланып отырады.
Неміс педагог-дефектологы П.Шуманның «бала кемістігінің даму
деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары
болу керек» деген асыл сөзінен даму мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс
істеу өте қиын екенін растап отыр. Қазіргі кезде мектептерде даму мүмкіндігі
шектеулі балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына және
айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт бағдар беруге көп
көңіл бөлінуде. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім деңгейін көтеріп,
өмірге қажетті білім білік дағдысын, тәртібін қалыптастыруға байланысты
түрлі шаралар жасалуда. Бұл балаларды оқытатын мұғалімдердің алдына
мынадай міндеттер қойылады.
1.Баланың мектепке дайындығын анықтау.
2.Тәрбиесіндегі кемістігін жою
3.Сабақты жүйелі жоспарлау
Дамуында әр түрлі кемшіліктері бар балаларды арнайы оқытуға деген
сұраныс, әсіресе олардың танымдық процестерін психологиялық жағынан
зерттеу қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр. Осы балаларды
психологиялық ойындар көмегімен дене кемістігін қалпына келтіріп, сол
арқылы психологиялық саулығын сақтап, бала мүгедектігінің деңгейін
төмендетуге мектеп психологтары аз да болса өз үлесімізді қосып алдымызға
мақсат етіп келеміз. Әр психолог даму мүмкіндігі шектеулі балаға біріншіден
баланың көңіл күйіне қарап, бақылау жүргізіп отырады. Ал сынып
жетекшілер баланы мектепішілік іс-шараға қатыстырады немесе көрермен
ретінде көруге шақырады. Екіншіден баланың үйіне барғанда ата-анасымен
сөйлеседі, пікірлеседі, кеңес беріп отырады. Тек қана баланың өзімен жұмыс
жасағаннан көрі ата-анасымен қосылып, жұмыс жасаған балаға қатты